04.06.2022
121
Шыдайды қалай ауырмай жаным...
Шыдайды қалай ауырмай жаным,
Салмағын салса өмір көп.
Ұмыттық барлық ауыл аттарын,
Бөлімшелерді нөмірлеп.
Аяуды білмес ұлыларды да,
Айларды айтпан жеңіл деп.
Быт-шыты шыққан шыныларды да
Қояды, бірақ, желімдеп.
Кім айтты саған теперіш көрген
Жүйкені біздің темір деп?
Өкпені тесер өзгерістерден
Жүрегім менің егілмек.
Көбейген сайын жақсылық хабар,
Көкжиек көркем көрінбек.
Кеткенің келіп, өшкенің жанар,
Көкейде болса сенім көп.