04.06.2022
  106


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жұлдыздарындай астрономдардың...

Жұлдыздарындай астрономдардың,
Жетпейтін қолы адамның,
Универмаг пен гастрономдарың,
Сүйелі-сынды қоғамның.
Қажетке, бəлкім, жаратар елім,
Жылан жалағандай сөрелер.
Сатушыларды таратар едім,
Директор болсам мен егер.
Сөреде тұрған қуыршақ-қыздың
Кигені үлде-бүлде ме?
Соғылған сеңдей көңілді бұздың,
Қой, досым, енді үндеме.
Оперативті қызмет жасар
Кооперативте «сабаз» көп.
Базардың нарқы еңсені басар,
Кеткен бе ақша қағаз боп.
Қарызға бүгін белшеден батып,
Көп қылық маған жақпай жүр.
Қаржы қылуға жұлдызды сатып,
«Пысықтар» ебін таппай жүр...





Пікір жазу