04.06.2022
107
КӨШЕДЕГІ ӘҢГІМЕ
Досым айтты:
«Кəмшат бөрік, бұлғын ішік жарасады қыздарға».
Мен ойладым:
«Жақсы киім жараспайтын қыз бар ма?»
Досым айтты:
«Қымбат бұйым көрсең, қыздан қызғанба,
Төзеді олар боран, аяз, ызғарға»,
Сосын айтты:
«Сүйгенімді орап қойсам үлде менен бүлдеге».
Мен ойладым:
«Бəсе-бəсе, көп сөйледі бұл неге?»
Əзілдедім:
«Обал, əттең.
Қыс киетін ішігін
Қыздар бірақ, кие алмайды-ау шілдеде».
Тағы да айттым:
«Сұрауы бар судың, тіпті қылдың да,
Адам боп қал, адам болып тудың ба?
Кəмшат бөрік жарасады кəмшатқа,
Бұлғың ішік жарасады бұлғынға.
Ал қыздарға болып жүрсе жаны нұр,
Шыттан көйлек кисе-дағы, бəрі бір».
Досым айтты:
«Жай қалжың ғой,
Асыл киім, алтын бұйым, түрлі жиын қай теңім?»
Сосын айтты:
PS:
Оның бəрін жаза беріп қайтемін.