ЖЕЛТОҚСАН
Желмая – уақыт желдейін жүйткіп,
Желтоқсан келді тағы да.
Зым-зия бақыт қар болып ұйтқып,
Қаланың қонды бағына.
Шаттықтан мас боп, талайды көрген
Тыныстап жатыр көшелер.
Бұлақтар-сынды бас алған өрден
Алматым менін, өсе бер.
Қазақша гулеп автобустарың,
Мəңгүрт жастарың азайып,
Ұлтаралық қақтығыстарың
Болмауы қандай ғажайып?!
Маңызы жоқтар мəңгілік үшін,
Келер де кетер Колбиндер*.
Əкімнің сол бір əңгүдік ісін
Куəлар бар ма «көрдім» –дер.
Ойымды несін ірке беремін,
Түсініпсіздер кеш сіздер,
Шындықты қалай бүркемелегенін
Есілбаевтай* ессіздер.
Аз болды ма, əлде Бауыржандарың
Ірілік мінез танытқан.
Тамыры терең тəуір жандарың
Шыға алмай жатыр қалыптан.
Қабағы түсіп, көрмеген жасып,
Сүйгенде мейір қандырған.
Апыл да тапыл барады басып,
Көшеңде балдай балдырған...