04.06.2022
110
Сынбайды демеңіз
Сынбайды демеңіз
Майырылмас болаты.
Қайырылмас демеңіз
Қыранның қанаты.
Мөлдір көл қияғы
Қолыңды қияды.
Кетілмес демеңіз
Тұлпардың тұяғы.
Асылдың сынығы,
Шұғаның қиқымы
Болса да, бір күні
Кетеді сүйкімі.
Дабырлап, мақтанба,
Даурығып, мастанба,
Тұсау бар шапқанға,
Тосу бар асқанға.