04.06.2022
  85


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚОС СӨЗДЕРДЕН ҚҰРАЛҒАН ЖЫР

Опыр-топыр сарқыды күшімді,
Апыл-құпыл жасадым ісімді.
Дұшпан-мыстандар күбір-сыбырмен
Мүңкір-Нəңкірдей көрсетті қысымды.
Абыр-сабыр басымды қатырды,
Тақыл-тұқыл басты мысымды.
Қатын-қалаштың айтқан өсегі
Кемпір-сампырдың зəресін ұшырды.
Тақыр-тықыр қалғанда ғана
Шақыр-шұқыр қайрадым тісімді.
Талап-талантым, қадір-құрметім
Жолымда жатқан тасты да ысырды.
Қиын-қыстауда түсіп сабама,
Қазан-ошақсыз тамақ пісірдім.
Ебіл-себілде ағыл-тегіл боп,
Өмір-өткелден өтіп ысылдым.
Жігіт-желеңнің жолдас-жораға
Көбі жарамсыз, соны түсіндім...





Пікір жазу