04.06.2022
140
Ойла
(буыны сақталмай жазылған жыр)
Жай ма?!
Өмір – бейне айна,
Жұлдыздарды майда,
Көзіңе ілмей шашқан тастай сайда,
Қол созсаң да аспандағы жарқыраған айға,
Басқа жаққа қиғаш кетпе, түзу жолдан тайма,
Өз басыңа еш жерде де, ешқашан да ойламағын пайда.
Алып-ұшып бара жатыр аңғал жүрек,
жүрдек көңіл қайда?
Мəз-мəйрам бол дос-жаранға, туыстарға, көршілерге
құшағыңды жай да.
Бұдан жаман күндерде де барды киіп,
досты жиып барып жүрдік тойға,
Тығырықтан алып шығар, жарып шығар
таппай қойсаң айла,
Көрпеңді де жамылғайсың шақтап тура бойға.
Айтқан сөзің, еткен ісің атағыңа сай ма?!
Алға апарар мақсат барда ойда,
Жүрегіне өзге адамның бойла!
Тіршіліктің қызығына тойма,
Дұшпанға сыр жайма,
Жеңісіңді тойла,
Ойла!