04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Соғыстың аты өшсін!

(он үш буынды жыр)
Сарыөзек. Сары дала. Құз-тастың арасы.
Жойылмақ қарулар. Бажайлап қарашы.
Қазақтың жерінде, аңқылдақ еліме
Тағы да тап болды атомның наласы.
Ажалға асқынған болса елім арашы,
Жазылар жабыққан жерімнің жарасы.
Үндістей жер құшып, сырқаттан тыртысып
Өлуі керек пе даланың баласы?
Өмірге келу бар, өмірден алу бар,
Барыңды беру бар, шындыққа нану бар...
Сананың сарасын көрдік пе біз мұндай,
Қаһарлы қарулар өлсе өлсін құзғындай,
Соғыстың аты өшсін! Жойылсын қарулар!





Пікір жазу