Обком тараған күні
(он екі буынды жыр)
Обкомның алдына ит сарып кетіпті,
Серуендеп жүр еді кеше бір етікті.
Мықтылар сөз айтса, бас изеп, «мақұл!» – дер,
Иіні салбырап кетіпті əкімдер.
Көз қырын салмайтын кешегі хатшылар,
Сіздердей бақытсыз адамдар жоқ шығар.
Сөз сөйлеп, ел билеп үйренген «ерлерім»
Ал, кəне, бағыңдар қабағын өңгенің.
Қартайған қыздардай келер деп жігітім,
Жоқ, əлде олар да үзген жоқ үмітін.
Болса бір партия, тағы да билемек,
Көң болған терінің пұшпағын илемек.
Бүгінде штаттан қысқарған басшылар
Жоқ шығар, болса да, əй, сірə, аз шығар...
Дəн сеуіп, мал бағып, шөп шауып көрмеген
Пенделер бір күнде шыққанда бөлмеден,
Жүрегім «қан жылап», керемет аядым,
«Қой бақ!» – деп айтар ем, болмады ұсынар таяғым.
Əрине, далада қалмас-ау, олар да табар бір қорегін,
Сол күні жазылды осы бір өлеңім.
* Обком – облыстық партия комитеті