04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бір күн жауын, бір күн дауыл,

Бір күн жауын, бір күн дауыл,
Абыржыған, шіркін, ауыл!
Тауқіметті көтеруге
Жағдайы оның, мүмкін, ауыр.
Бір күн жылы, бір күн суық,
Жолаушының жүзі сынық.
Көңіл күйі қайдан болсын,
Қараша үйі тұрғанда ұлып.
Бір күн қатқақ, бір күн батпақ,
Жүру қиын аяқ аттап.
Саз балшыққа батып көлік,
Бала-шаға үсті сатпақ.
Бір күн алыс, бір күн жақын,
Кеше – мырза, бүгін – пақыр.
Ауыл күні көкжиекке
Тағы батып бара жатыр...





Пікір жазу