meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  127


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАРАЛЫ КӨШ

Қаралы жұрт қарияны көтерген,
Көкжиекке сіңеді деп күтем мен.
Көз ұшында қарауытқан сұлбасы,
Мазарлар ма ақырлары бітелген.
Əкемнен де ауыр жүкті көтерген,
Шешемнен де қасиетті сүт емген,
Бірте-бірте ажыратқан ажалдың,
Əуселесі таусылар деп күтем мен.
Жан болсаң да парыздары өтелген,
Дəм таусылар, сөнер жарық, бітер дем.
Тоқтамайтын сол бір көштің қаралы
Ең соңында келе жатыр екем мен.





Пікір жазу