04.06.2022
101
Жаманатын жұртқа жайып,
Жаманатын жұртқа жайып,
Жасап жатқан білгенін,
Ант атқан мен арам байып,
Кеткен күнді тілдедім.
Адам жүдеп, малдары арып,
Ауру жайлап ел ішін,
Біреу жүрсе егін салып,
Біреу терген жемісін.
Көзің көрді, көршің жеді,
Дастарханда дəміңді,
Қылтиғанша жердің көгі.
Кім ойлайды қамыңды?!
Арқа сүйер ұлың болса,
Ал, түйінді шешіп ал!
Арқада қыс жылы болса,
Арқар ауып несі бар?!