meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  113


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жағасында Тобылдың...

Жағасында Тобылдың,
Ауыр ойға шомылдым.
Осы жасқа келгенше,
Не түсіндім, не білдім?!
Арғы бетте шам жанып,
Бергі бетте таң қалып,
Жапты-ау қара қанатын,
Көңіліме жап-жарық.
Тұрса да үйің азынап,
Кетеді елден кім ұзап?!
Жіп күрмеуге келмейді,
Күн қысқа да, түн ұзақ.
Қасқыр-сынды анталап,
Алады шер сан қамап.
Бəрін көріп ай жатыр,
Көк аспанда шалқалап...





Пікір жазу