04.06.2022
116
![](/uploads/shorttexts/author_image/screenshot-20200424-144226.png)
Кейде көңіл толқынды су сияқты...
Кейде көңіл толқынды су сияқты,
Бірде баяу, бірде қатты ағатын,
Кейде көңіл жан өтпес ну сияқты,
Жұрт адасып қалатын.
Кейде көңіл кəрі шеңгел секілді,
Қастарымның табанына кіретін.
Қолдан келсе іс жасайтын ұтымды,
Пайдасын да білетін.
Кейде көңіл жазық дала секілді,
Достарыма жасыл майса жаятын.
Пісіп тұрған жеміс-жидек не түрлі,
Барын сақтап қоятын.
Кейде көңіл жайнаған бақ тəрізді,
Жақынына сая болып тұратын.
Өмірімнің арнасы сол маңызды,
Сонда менің мұратым