04.06.2022
  189


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көңіл, шіркін, бірде шөл де, бірде көл...

Көңіл, шіркін, бірде шөл де, бірде көл,
Дəметкенмен бола бермес күнде төр.
Күндіз-түні жыбырлатып, мазаны ап,
Тамағымда тұрып алды бір жөтел.
Жан емеспін жайбарақат күн кешер,
Жырларым да ойларыммен бірге өсер.
Жап-жасыл боп жаңа шыққан жайқалып
Егініме керек боп тұр бір нөсер.
Толғандырса шулы қала, нұрлы ауыл,
Керек екен ғашық көзбен жырлауым.
Шан-тозаңды қағып-сілкіп беретін
Көңіліме керек боп тұр бір дауыл.
Жыр жолында шабыт болып сенерім,
Ыстық, суық... бəрін көріп келемін.
Оқырманым, ашып айтшы бетіме,
Ал өзіңе керек пе осы өлеңім?





Пікір жазу