04.06.2022
  125


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Əйтеуір, сол тура жолмен жүріп келем тепеңдеп...

Əйтеуір, сол тура жолмен жүріп келем тепеңдеп,
Шың басына қашан ғана барып жетер екем деп.
Ал жолдасым қалжыңдай ма, шыны ма əлде, айтады:
«Осы арада тастап сені кетем!» – деп.
Енді ғана ұққандаймын достарымның керегін,
Қажет болса мен оларға жүрегімді беремін.
Қиын жерде қасқыр дағы қастық қылмас жолдасқа,
Мен оларға сенемін.
Күн шығып тұр қанға бөккен қалқанындай батырдың,
Дала жатыр үнсіз ғана өлеңіндей ақынның.
Сол далада көкжиекке созылған бір жол жатыр,
Сол жолменен жүріп келе, жүріп келе жатырмын...





Пікір жазу