04.06.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сапарға көптен шықпасаң....

Сапарға көптен шықпасаң,
Жүрегің дамыл бермейді.
Жусанның иісін жұтпасаң,
Үйге де қайтқың келмейді.
Таусылмас дəм-тұз қонақта,
Сырға да əбден қанасың.
Даланың шаңын балаққа
Бір пұт қып жинап аласың.
Табанға жұмсақ тиеді
Кілемдей шалғын төселген.
Жүр екем жерде киелі,
Қонаққа келсем десем мен.
Көңілдің дерті басылды,
Жаныма менің табылды ем.
Желменен тарап шашымды,
Бетімді жудым сағыммен.
Кеудемде бұлбұл əн салып,
Қандырып құлақ құрышын,
Отырмын əлі тамсанып,
Көбейген жандай ырысым.





Пікір жазу