04.06.2022
  186


Автор: Ақылбек Шаяхмет

САЙЛАУҒА ТҮСКЕН ШАҒЫМДА

Жерлестерім, достарым, таныстарым,
Ортақ мақсат жолында қауышқаным,
Еш кетпейді есімнен сайлаудағы
Тай-құнандай бəйгеде жарысқаным.
Жапа шеккен жалғызға болысқаным,
Бастықтарға жағуға тырыспадым.
Тура бидей бетімнен қайтпаймын деп,
Қаламды да мұқалған сан ұштадым.
Арамдардан əрірек алыстадым,
Қатарымнан, əйтеуір, қалыспадым,
Дос тілеген бата мен тілек шығар,
Болса менің тамаша табыстарым.
Артта қалып жұлысып-алысқаным,
Қанша жерді аралап тауыспадым.
Қуат беріп келеді əлі күнге,
Маған берген он үш мың дауыстарың.





Пікір жазу