МОНША
Ыстық буға тым ұзақ шыдау қиын болса да,
Қайнап жатқан сайлауды теңер едім моншаға.
Бірақ, оған кіргендер болса-дағы жалаңаш,
Бір-біріне айнымай ұқсайды деу жарамас.
Біреулердің үстінде сабындары көпіріп,
Тұрса-дағы жуынып жатқандары өтірік.
Тағы біреу жолдасын сыпырғышпен сабалап,
Жатса-дағы жүрегі тазармаса, обал-ақ!
Жуандардың қарны мен мықтылардың білегі,
Осы монша ішінде қоян-қолтық жүреді.
Жауырыны бүкірдің, сиықсыздың аяғы,
Анық көзге түсетін осы монша баяғы.
Біреу жуса шұлығын, біреу жұтып сырасын,
Бұрын оны көрмесең, қайран қалып тұрасың.
Көппен бірге кір-қоңын алайын деп тазалап,
Жүр, əрине мұнда да дені дұрыс азамат.
Аман-есен тазарып шыққаннан соң моншадан,
Былай шыға өзгеріп кетер екен қанша адам?!
Кірлегенін лақтырып, таза киім кигенмен,
Кір-қоқысқа бойы оның əлдеқашан үйренген,
Қорқамын тек мен содан.