04.06.2022
129

Аялдамай өтіп кетті көп күнім...
Аялдамай өтіп кетті көп күнім,
Жолаушыға ұзақ жолда жоқ тыным.
Көрген сайын бұл фəнидің «боқтығын»,
Сезген сайын келер қайран жоқтығын,
Тауысқандай бойымдағы төзімді,
Кінəлідей сезінемін өзімді.
Дей алмаймын: «Топтан озған тарланмын»,
Кейде өрмелеп, кей кезде тал қармандым,
Ұққан сайын алдамшысын жалғанның,
Шыққан сайын биігіне арманның,
Түйедейім түймедей боп көзіме,
Көңілім бір толмай қойды өзіме.
Жыр-сапарға буып едім белімді,
Жан емеспін іздеп жүрген жеңілді.
Жолдас қылсам үмітіме сенімді,
Күдікті ойлар кейін қарай шегінді.
Өз басыма көңілім толмай жүрсем де,
Барған сайын жақсы көрем өмірді...