04.06.2022
  122


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Табиғатты бағындырам дейсің сен...

Табиғатты бағындырам дейсің сен,
Дүйім елді табындырам дейсің сен.
Бағынудан сағынудың артығын,
Перзенті боп табылудың артығын
Неге түсінбейсің сен?
Ұл мен қызын асыраған барын сап,
Жер-анаға табынайық, табынсақ,
Жақсылыққа құштар сəби кезіңнен,
Қанға сіңген қасиетті сезімнен
Не болады арылсақ?!
Сындырып сақ қайсы кезде бірер сын,
Мүмкін, доспен қырғи-қабақ жүрерсің.
Бағаламай қолда барда алтынын,
Кімге шапшып жүргеніңді, жарқыным,
Қадіріне зар болғанда білерсің.





Пікір жазу