meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  155


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Үп еткен жел жоқ, күн тымық...

Үп еткен жел жоқ, күн тымық,
Гүлдер тұр күнге ұмтылып,
Тілейді жаным нөсерді,
Жүрегім менің бұлқынып,
Қиялым шалқып өсе ме,
Сыймаймын тіпті көшеге.
Далаға тартқым келеді,
Қаланы абат десе де.
Жүрсе егер жырым үзілмей,
Ұқсайды жазға күзім кей.
Көңілім менің екі ұдай,
Семсердің екі жүзіндей.





Пікір жазу