04.06.2022
  132


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚАРА АҒАШ

Тамырыңмен жылытып жер денесін,
Тереземнің тұсында тербелесің,
Көркейтесің даланың бел-белесін,
Қызығың көп, əйтеуір, таусылмаған.
Жақсылықпен əлемге аян ісің,
Жемісің жоқ, болса да, саялысың.
Қысылғанда боласың таянышым,
Күн сəулесі, ай нұры жаусын саған.
Жұпар иісің кеудемді араласын,
Жан сарайын сергітсін, тазаласын,
Жайқала бер желкілдеп, қара ағашым,
Жапырағың сая-бақ болсын маған.





Пікір жазу