04.06.2022
137
Басы тауық, сирағы тырна қатын
Басы тауық, сирағы тырна қатын
Сұлулар сайысында жүлде алатын.
Өз тілін білмей, өзге тілді білсе
Сындырған құс емес пе бір қанатын?!
Бірге ішіп арамдармен, бірге жүрсе,
Құзғындар өлексе жеп былғанатын.
Не дейсің өзгертуге тағы үлгерсе
Азан сап атасының қойған атын.
Көрінген еркектермен жағаласып,
Алатын тастап кеткен байдан ақын.
Алайда, Абай айтқан қазақ қызы
Атына, атағына сай болатын,
Байсалды,ашық қабақ,жарқын жүзі,
Еліне қылығымен жайған атын.
Білінбей жүрген кезде басқан ізі,
Сөйлеуге көп алдында арланатын.
Ибалы болғанымен жеңіл тұзы,
Жорадан, олжадан да құр қалатын.
Қыз аз ба өнегелі үлгі көрген,
Анадан оны тапқан айналатын,
Жігіттің көрелік деп қызға келген,
Ішкені бал, жегені май болатын.
Құдайым аямастан бəрін берген,
Қазағым, кезің жетті ойланатын...