04.06.2022
  116


Автор: Ақылбек Шаяхмет

МЕНІҢ ЕНШІМ

Құтты қонақ!
Үйімді келші көріп,
Ілгегі жоқ есіктен енші келіп.
Қоңылтақсып қалмасын көңілің тек,
Шығарған жоқ мені ешкім енші беріп.
Алатаудай жасымнан өршіл едім,
Өзге жерді мен қалай менсінемін.
Мына дала, мына ауа, мынау аспан,
Барлығы да, ағайын, еншім менің.
Еншім менің қайыңдар, қарағайлар,
Еншім менің ақ бұлақ, қара қайнар,
Ізгі ниет, пəк көңіл – барлығы еншім,
Еншім емес тек қана арам ойлар..
Күн енші, енші таулар, енші көлім,
Жаным таза, батасын берсін елім!
Айналайын, адамдар, құт-қонақтай,
Өздеріңмен бірдей ғой еншілерім.





Пікір жазу