04.06.2022
305
ЖИЫРМА БЕС
Он үш жасым болмаса егер жүгермек,
Жиырма бестің қадірін біз білер ме ек?!
Ақсақалдар бала кезде айтатын
Аттың жалын тартып бір күн мінер деп.
Белді буған, думан құрған шақ келіп,
Балапандай кеудеде үміт жатты өріп.
Жиырма бесім ағып өтті жасындай
Қара бұлтты ортасынан қақ бөліп.
Жайқалған бау, піскен жеміс жан-жағым,
Жаз-дəуреннің көрдім талай жанжалын.
Жігеріме жанып-жанып алатын,
Жиырма бесім – қылшылдаған қанжарым.