04.06.2022
144
Мұң-шаттығы аралас бұл ғаламда...
Мұң-шаттығы аралас бұл ғаламда,
Қандай пайда береді тіл қоғамға?!
Көп емес-ау есті сөз естігенге,
Аз емес-ау тыңдар сөз тыңдағанға.
Тілден артық байлық жоқ құндағанға,
Ханды тақтан түсірер, шыңдағанда,
Қалың қолды қайтарар қарусыз-ақ,
Тілден, бірақ, тамады у да, бал да.
Қордаланған ойымды сан айтылған,
Бұрмалаған өзінше қай антұрған?!
Балдай тəтті жырларым удай ащы,
Сүйегі жоқ бір тілден солай туған.
Сөз танитын сұңғыла екенмін деп,
Тиіседі кейбіреу бекер мүлде.
Жолы болғыш оқырман татып көрсін
Тілімдегі тұзды да, шекерді де...