04.06.2022
106
ҚАҒАЗ
Ақ параққа жазғанмен өлеңді анық,
Талай сырын елеусіз көрем қанық.
Қағаз – аққу желпісе қанатымен,
Қағаз – кептер ұшады сəлемді алып.
Жақсылықтан дəметсе аңғал үміт,
Қағаз – сотқар келеді жанжал құрып.
Аңдып тұрып тасадан қағаз – Қодар
Ту сыртымнан кетеді қанжар ұрып.
Қағаз – бастық, ал кейде қағаз – малай,
Аямайтын қағазды сабаздар-ай!
Түсінбеймін бір ғана нəрсеге мен,
Көтереді барлығын қағаз қалай?!