04.06.2022
  111


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Еш адамның бет-жүзіне қарамай...

Еш адамның бет-жүзіне қарамай,
Бетке айтуды азайттық па,
Бұл қалай?!
Байқап тұрсам, сөзі семіз, ісі арық,
Босбелбеулер əлі де көп шалағай.
Беттің арын белге түйген қомағай,
Бес биенің жүгін жұтқан шорағай,
Қылағай мен шоң шортанның жанында
Жағымпаз жүр жапырылып қоғадай.
Ызыңы көп, пайдасы жоқ сонадай,
Жандайшаптар, жасандылар болады-ай!
Қиқулаған белсенділер бал жесе,
Бал жинаған араларға обал-ай...





Пікір жазу