04.06.2022
102
ТҮНГІ ДАЛАДА
Күн ақырын ұясына қонғалы
Қараңғылық орап алды даланы.
Шамын жағып, созып маған қолдарын
Көз ұшында тракторлар барады.
Жота-белдер солқ-солқ етіп дүбірден,
Жусан иісі қоя берді бұрқырап.
Үрікті ме түнде шыққан гүрілден,
Дəл жанымнан үйір өтті шұрқырап.
Бұл туралы ашып айтпай болмайды,
Кең жазықта оны қалай қымтарсыз?
Шіркін, дала-ай!
Өмір сүре алмайды
Арғымақсыз жəне темір тұлпарсыз.