04.06.2022
  142


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖАЙЛАУДА

Білмеймін, өзім əлде ұрыншақпын,
Дауысын естігенде құлыншақтың
Жазықты дүр сілкінтіп, дүбірлетіп,
Келеді асау тайға міне шапқым.
Сөкпейді ешкім сені мұның үшін,
Үлкенмен, кішімен де ұғынысып,
Аласың мейір қанып, желпініп бір
Қолынан жеңгейлердің қымыз ішіп.
«Даламның таусылмайтын сырын ұқ!» – деп,
Тұрамын барлығына сүйініп тек.
Əкенің орнын басқан жайсаң жігіт
Сілтейді қамшысын да үйіріп кеп.
Сіңіріп мінезіне дала сырын,
Иесін үстіндегі баласынып,
Жарысып көңілімен жас жігіттің,
Келеді асау құнан аласұрып.





Пікір жазу