04.06.2022
  95


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҚҰЙЫН

Ағаштар басын шайқап, теңселе ме,
Жығылып қалатындай, сенсең егер.
Долы жел тіршілікпен жұмысы жоқ,
Соғады үсті-үстіне өршелене.
Алғандай ашуменен күшін сарқып,
Бəсеңсіп қалар кейде ішін тартып.
Мақтаншақ желге өкпелі табиғаттың,
Түнерген, тұңжыраңқы, түсі салқын.
Үйеңкі тұқым шашып атырапқа,
Желді де көмекшім деп жатыр мақтап.
Онысын дұрыс дей ме, бұрыс дей ме,
Сөйлейді шуылдасып жапырақтар.
Үйретіп не қыласың ақымақты,
Əйтеуір, есер деген аты қапты.
Барады бақ ішінде құйын ойнап,
Сыпырып ап жердегі топырақты.





Пікір жазу