04.06.2022
  122


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Биыл да кіп-кішкентай тауға бардым...

Биыл да кіп-кішкентай тауға бардым,
Қырқада қаулап өскен қауға бардым.
Əкемнің талай жүрген жері еді ғой,
Сол жерге армансыз бір аунап алдым.
Төсінде туған жердің көз ілгенмен,
Боздайды боз інгендей сезім-кеудем.
Ауылда азамат та аз қалыпты-ау
Əкемнің сөзін естіп, көзін көрген.
Табысып ғашықтардай көк пенен жер,
Тағы да көңілденіп көктем келер.
Тек оның шын бағасын, қасиетін
Көктеммен қош айтысып кеткен білер.
Белімді алғам буып бекем бүгін,
Алданып балалармен өтер күнім.
Қырықтың қырқасында ұққандаймын
Əкенің орны бөлек екендігін





Пікір жазу