04.06.2022
  165


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сайда саны, құмда ізі жоқ сыған деген халықтың...

Сайда саны, құмда ізі жоқ сыған деген халықтың,
Өлгеніңнің жер бетінде моласы жоқ, анық бұл!
Сыған – сынды бұл өмірден біз де бір күн көшерміз,
Құмға сіңген тамшы судай жоғалармыз, өшерміз.
Тəнің жатқан топырақта тамырланып, таралып,
Ертең, бірақ, дəн шықпай ма сол тамшыдан нəр алып.
Өмір бойы толғандырған адамдарды қам көңіл,
Осы емес пе болған арман үзілмейтін мəңгі өмір?!





Пікір жазу