04.06.2022
  117


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Аз емес өмірдің қызығы...

Аз емес өмірдің қызығы,
Қайғы да тұрады тізіліп.
Кей-кейде көңілің бұзылып,
Көзден жас түседі үзіліп.
Көкейді толтырып тілегің,
Əлдеңе қалайды жүрегің.
Кермектеу сол мөлдір тамшыдай
Тамаққа сөз келер тіреліп.
Секілді туған жер түтіні,
Сол кезде қойсаң бір жұтынып,
Сөздерді сыртына шығарып,
Құсадан кетесің құтылып.





Пікір жазу