04.06.2022
  118


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Ақ сүт беріп асыраған анама...

Ақ сүт беріп асыраған анама,
Асқар таудай арқа сүйер панама
Сүт қатпаған қара шайды ішкізсем,
Əлпештеген ел-жұртыма обал, ə,
Сонда, досым, жүрегімді қайтемін?
Туғандардың бірі келіп қалаға,
Өмір бойы қалада өскен балама
«Дала жайлы бір əн салып бер», – десе,
Бірақ ұлым не айтарын білмесе,
Сонда, досым, жүрегімді қайтемін?
Жүрегіме неге тағдыр өшікті,
Достар неге, достар неге кешікті?
Бірнешеуі келе қалса еркелеп,
Оларға ешкім ашпай қойса есікті,
Сонда, досым, жүрегімді қайтемін?





Пікір жазу