04.06.2022
  130


Автор: Ақылбек Шаяхмет

САҒАТТАР МҰРАЖАЙЫНДА

Жиналыпты бұл жерде сағаттары əлемнің,
Бірдей соғып тұр ма екен уақыты əр елдің?!
Болса жаның жаралы, қажеті не күн санап,
Сусып кетіп барады көшкен құмдай құмсағат.
Қараңғылық жүзінді көрсетпесе тұмшалап,
Қыс, жаз, көктем, күзіңді тұрыпты өлшеп күн – сағат.
Күйін ойнап күй – сағат, терең бойлап су – сағат,
Өткен ғұмыр-дəуренді жалықпастан тұр санап.
Өтті екен деп ғұмырым, болды ғой деп еңбек еш,
Өкінетін күнұзын жасық пендең мен емес.
Келсе де араб еліне арқаға сап дорбасын,
Құт боп қайтқан жеріме Əл-Фараби қандасым.
Уақыты өлшеулі əр адамның жалғанда,
Тықылдарсың соңғы рет ақтық демім қалғанда.
Мұражайдан шықтым мен, бітіп мүлдем тағатым,
Қайырылғанша қанатым, соға берші, сағатым!!!
Сағат тілі айналған шеңберімен дананың,
Артық маған бəрінен күн сағаты даланың.





Пікір жазу