04.06.2022
100
ЖҰМБАҚ
Дауқұмар, өсекке ергіш емеспін мен,
Өмірі кісі ақысын жемеспін мен.
Көрген жоқ тілім тиіп ешкімге əлі,
Өш алып көрген жоқпын əлі ешкімнен.
Біреумен жауласуға жоқ құмарым,
Сонда да арды қорғап аптығамын.
Ал кейде өсекшінің ит терісін
Басына қаптасам ба деп тұрамын.
Қай жарға бұл мінезім соқтырады,
Дұшпаным қалай ғана жақтырады?!
Ал кейде мұрындарын арамдардың
Бетімен бірдей қылғым кеп тұрады.
Жақсы жан айтқан сөзді кек көре ме,
Айтты деп ренжіме бетке неге?!
Бір затым түбі жалпақ, ұшы сүйір,
Қаттырақ тиіп кетсе, өкпелеме!