04.06.2022
  109


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шешем де өтті əкем кеткен жалғаннан...

Шешем де өтті əкем кеткен жалғаннан,
Бұл жалғанда жан көп шығар алданған.
Зілзаладан запы болған көп бейбақ,
Ажал жетсе, қапы қалған қамданған.
Болған шығар кемшілігі, кеңдігі,
Ел ауызына тиек болар ендігі.
Бала десе ішкен асын, бірақ -та,
Ішпей жерге қойғандығы белгілі.
Маңдайымнан шертпегені тағы рас,
Кем боп жүрсек, дерттенгені тағы рас,
Жетім қозы отығар да жетілер,
Жетпегені оң мен солын танымас.
Жетіммін деп жоқтасам да шешемді,
Тоқтасам да, бəрі-бəрі кеш енді.
Өңменімде өкініштің орны көп,
Келер күндер толтырмаса есемді.
Балаң сенің алған шығар білімді,
Сұмды көріп болған шығар жырынды.
Күнде өзінді есіме алып жүргенім,
Ұмытпасам, анам, сенің тілінді.
Сенің атың есте жүрер қайда да,
Саған арнап əн шырқалар тойда да.
Топырағын торқа болсын, анажан,
Сені ойлайтын орта жоқ деп ойлама.





Пікір жазу