04.06.2022
  116


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Таза сүттей аспанның

Таза сүттей аспанның
Бұзылған ба қаймағы?
Əлденеден жасқанып,
Шықпай қойды ай-дағы.
Көрік беріп тұратын
Жұлдыздар да жоғалған.
Сондай сурет болатын,
Əрсіз, шала боялған.
Күн біртүрлі, қайтемін,
Күнге асығып, ентіктім,
Содан ба əлде, əйтеуір,
Көңілсізбін мен тіпті.





Пікір жазу