04.06.2022
250
МЕЗГІЛДЕР
Көктемім туғанда
Жадырап, қуандым,
Жаз шықты.
Сол маңда
Бұлақтан су алдым.
Күз түсті.
Сарғайдым.
Жеміс те көбейді.
Қыс келді.
Қартайдым.
Ағайын не дейді?!
Көктеуде көктедім,
Жайлауда жайнадым.
Биікке беттедім,
Бетімнен таймадым.
Күзеуде кідірдім,
Қыстауда қамықтым.
Өмірдің мезгілі
Əртүрлі – соны ұқтым...