meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  140


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ДАЛА

Ұлылығы білінбеген өзіне,
Ең ақкөңіл дала ғой деп сезінем.
Туған жердің ыстықтығы соншалық,
Оттай болып басылады көзіме.
Иіс май мен əтіріңді мазақ қып,
Жасыл шөптен иіс шығады ғажап тым.
Дала,дала!
Өзінсің ғой ежелден
Келе жатқан бар байлығы қазақтың.





Пікір жазу