04.06.2022
101

КӨКТЕМ КЕЛЕРДЕ
Келер кезде нұр-көктем,
Кəрі қысқа құрмет кем.
Əлі жерде жатыр қар,
Жауын жауып тұр көктен.
Жерді билеп бір желік,
Сай-салаға су келіп,
Сыпырылған көрпесі,
Жатқан кеше бүркеніп.
Соққан кезде жел келіп,
Ағаш ұшы тербеліп,
Жұрт аяғы басылған,
Жүрген жан аз сенделіп.
Екіленіп жел-еспе,
Шығып алған белеске.
Тұмсығымен түртеді
Қалған қарды дөңесте.
Мұз көбесі сөгіліп,
Қыс көктемнен жеңіліп,
Аққан сумен шайынып,
Көше жатыр керіліп...