04.06.2022
  82


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көктем əлі жеткен жоқ....

Көктем əлі жеткен жоқ,
Қыс ызғары кеткен жоқ.
Келер күнге үміт көп,
Өткен күнге өкпем жоқ.
Қардың басын қар алар,
Ханның басын хан алар.
Қатып жатқан күртік қар
Көп ұзамай жоғалар.
Қалған дағды бұрыннан,
Қыс кəріне ұрынған
Жеңуі үшін суықты
Күн көзіне жылынған.
Мұқалса да тынбаған,
Жұқарса да сынбаған.
Алты ай қыстың ішінде
Көкше мұздай шыңдалған.
Ойға кетсем не түрлі,
Болып қапты екінді.
Осы күнгі көрініс
Қыстың кейпі секілді.





Пікір жазу