04.06.2022
  116


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Қара суды көрсем де...

Қара суды көрсем де,
Қайнап-қайнап сарқылған,
Біраз жасқа келсем де,
Мінезім жоқ тартынған.
Табамын деп шын тұрақ,
Жақсылармен табыстым.
Шындық үшін шырқырап,
Арым үшін алыстым.
Суайттардың күңкілі
Ағып кетсе құлақтан,
Жарып шығар бір күні
Алмас қанжар қынаптан.
Сынға түсіп жүргенде
Сынған жоқпын, майыстым.
Қан шығарар тигенде
Ұшындаймын қайыстың.





Пікір жазу