04.06.2022
116
Қамалды алпыс деген аттап өттік...
Қамалды алпыс деген аттап өттік,
Мінекей, енді алпыс төрт жасқа жеттік.
Достарға құрмет жасап, сый ұсынып,
Дұшпанды қарсы келген жасқап өттік.
Білсек те жымысқы ісін жырындының,
Кешірдік арамдардың зұлымдығын.
Жүректе сызы қалды жамандықтың,
Көңілге қаяу болған күні бүгін.
Болары болған шығар, мен не дейін?
Не пайда, қастасқанды тілде, мейлің.
Өлеңім жүрегімді жарып шыққан
Айтар-ау барлық сырын елге кейін