04.06.2022
  121


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өзен болып жылғалар, өзгереді арналар...

Өзен болып жылғалар, өзгереді арналар,
Жермен-жексен болады күні бітсе зор қамал.
Тартылады теңіздер, мұжылады тау-шыңдар,
Жасасаң да қанша жас, өлмей қалған қайсың бар?!
Су тартылып, тау құлап, өртенсе де ормандар,
Бірақ, үміт үзілмей, жалғанады армандар.
Ертегіден шындыққа айналады жорамал,
Шөлде гүлзар бақ орнап, салынады қалалар.
Жалғастырмай баба ісін, ана тілін ардақтап
Жүре алмаған жан ғана қалт-құлт етіп жан бақпақ.
Бұтақтарың – биікте, тамырларың – тереңде
Болса ғана өзіңді сақтайсың бұл əлемде.





Пікір жазу