04.06.2022
  103


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сумақайлар жетеді,

Сумақайлар жетеді,
Сабақты ине сəтімен.
Бөздер өтіп кетеді
Маталардың атымен.
Көңілдері жоғары
Жігіттер де оты кем,
Тізгінге ие болады
Аталардың атымен.
Байқау қиын түр-түсін,
Умаждалса шүберек,
Күні бітсе жылпосың
Болып шығар сүмелек.





Пікір жазу