04.06.2022
  149


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ОТАН ЖӘНЕ ОШАҚ

Отан десем – сездім оның жылуын,
Ошақ десем – білдім оның қызуын.
Отбасымда жаурамасын ешкім деп,
Отынды да жинап жүрдім кұнұзын.
Отыр десе – отқа жақын дегені,
От жанғанда ас піседі, себебі.
Намысы бар, жігері бар жігітке
«Жүрегінде оты бар!» – деп сенеді.
Айтса қазақ шырағым деп, сəулем деп,
Тіл табысып жатқандай-ақ жер мен көк.
Жарық түссе сай түбіне, қуысқа,
Көлеңкелер қалады екен ербеңдеп.
Күдік-күшік жатқан кезде қыңсылап,
Жырларыма түскен болса күншуақ,
Іштің мұзын ерітеді жанған от,
Жанарымнан ыстық жасым тамшылап.





Пікір жазу