meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  04.06.2022
  194


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ҰШАҚТА

Əр адамның өмірі бір жыр-аңыз,
Бірақ, оның бəрін қалай ұғамыз?
Көңіл кірін алу үшін тазалап,
Жиі-жиі сапарға біз шығамыз.
Аңшыдаймыз ізді кескен сонардан,
Жол үстінде туындайды сан арман.
Самғасын деп көк кемесі ғарышта,
Кеңістік те құс жолымен оралған.
Жалғыз аяқ тар соқпақтан басталған,
Жолым менің шығады əлі асқардан.
Ақша бұлттар көрікті ғой десек те,
Қандай ғажап қарау оған аспаннан?!
Ұшағына жол дегенің не, тегі,
Айлық жерге бір сағатта жетеді.
Сондай сəтте құс жастықтай ақ бұлтқа
Басты қойып, ұйықтағым кеп кетеді.





Пікір жазу